USD
USD
USD

«Оқжетпес» пен «Қайрат» арасындағы ойын кейінге шегерілді

Көкшетаудың «Оқжетпес» пен алматылық «Қайрат» футбол клубтарының арасындағы матч кейінге қалдырылды. Бұған «Қайраттың» еурокубок бәсекесіне қатысуы себеп болды.

ФУТБОЛ
Фото: Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алғашында 24 тамызда өтуі тиіс болған ойын қос тараптың келісімі бойынша 31 тамызға ауыстырылды.

Кестенің өзгеруіне басты себеп – «Қайраттың» 26 тамызда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикке» қарсы қарымта кездесу өткізуі.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық команда UEFA Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Словакияның «Слованын» қос матч қорытындысы бойынша жеңіп, плей-офф сатысына жолдама алған еді.

Ал «Астана» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында Швейцарияның «Лозаннасына» есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті