USD
USD
USD

Оқушыларға сабаққа еркін киімде қатысуға рұқсат етіледі

 Мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық іс-шаралар қарастырылатын болады.

Оқушыларға сабаққа еркін киімде қатысуға рұқсат етіледі
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінен мәлім болды. «Министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, ал музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынып отыр. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізу бойынша ұсыныс берілді», - делінген ведомство мәліметінде.

Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады. Мектеп асханаларының жұмысы жергілікті әкімдіктердің шешімі әрі бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ұйымдастырылады. «Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі», - деп аталып өткен министрлік хабарламасында. Айта кетейік, 300-ге дейінгі оқушы саны бар мектептер ІV тоқсанда жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті