USD
USD
USD

Оқушыларға планшетпен ноутбук әлі жеткізілмеген

Ақтөбе оқушыларына қажетті ноутбук пен планшет әлі жеткізілмей жатыр   Ақтөбеде оқушыларға үлестірілуі тиіс компьютер әлі толық берілмеді. Облыстық білім басқармасы жеткізуші компанияны сотқа берді.

Оқушыларға планшетпен ноутбук әлі жеткізілмеген
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Ақтөбелік оқушыларға 1 қыркүйекке дейін 12 550 компьютер таратылды. Бұл облыстағы мектептерде бар техника. Республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 19 мыңнан астам компьютер сатып алынды. Бірақ жеткізу мәселесі әлі шешілмеді. «Мемлекеттік сатып алу кезінде екі компания жеңімаз атанды. Бірі 11 күн кешіктіліп, 2 мыңнан астам компьютерді әкелді. Ноутбук пен планшетті жеткізетін екінші компания талапты орындамаған соң сотқа жүгіндік. Өткен аптада 185 планшет пен 765 ноутбукты жеткізді. Компаниямен байланысқан кезде 10-қарашаға дейін жеткізуге уәде берді. Мекемелер, демеушілеріміз көмектесіп жатыр. Олар балаларға техника сыйлады», – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында облыс бойынша 44 мыңнан астам компьютерге сұраныс берілді. Сонымен бірге 18 мың отбасына интернет қажет екені белгілі болды. Бұл отбасындағы балалар саны 27 мыңнан асады. «Қазіргі кезде ұялы байланыс компанияларың модемі таратылды. Байланыс компанияларымен келісім бар. Облыс бойынша 18 мыңға жуық роутер таратылды. Sim карталары тек «Білім» тарифіне қосылған. Одан шығып, басқа тарифті таңдауға, кино да қалауға болмайды», – деді Ләззат Оразбаева.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

жанабыловтар

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

шенген

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

жанабылов

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

көлік салығы