USD
USD
USD

Оқушылардың 50, студенттердің 35 пайызы ғана спортпен шұғылданады

Бүгінде елімізде әрбір мың адамға 47 шаршы метр спорт алаңы тиесілі. Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева мәлім етті.

Оқушылардың 50, студенттердің 35 пайызы ғана спортпен шұғылданады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Спорт алаңдары бүкіл халық үшін қолжетімді болуы қажет. Бүгінгі күні елімізде 30 мыңнан астам спорт ғимараты жұмыс істеп тұр. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы бұйрығының бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес, елімізде әрбір мың адамға 80 шаршы метр спорт алаңы болуға тиіс. Бірақ, қазіргі таңда елімізде әрбір мың адамға 47 шаршы метр спорт алаңынан тура келеді. Бұл мемлекеттік нормативте белгіленген деңгейден екі еседей төмен. Оқушылардың 50 пайызы, студенттердің 35 пайызы ғана спортпен шұғылданады», – деді Г. Исимбаева.

Осы орайда ол Елбасы 2018 жылғы қазан айындағы Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт инфрақұрылымының халыққа қолжетімді болуы мәселелеріне ерекше көңіл бөлгенін еске салды. Бұл тұрғыда кем дегенде 100 дене шынықтыру сауықтыру кешенін салу, сондай-ақ қолданыстағы спорт ғимараттарын тиімді пайдалану тапсырмасы берілген еді. «Өткен жылы Елбасының жоғарыда аталған Жолдауы аясында Үкімет 13 дене шынықтыру сауықтыру кешенін салды. Биыл және келесі жылы тағы 87 осындай кешен салу жоспарланып отыр», – деп нақтылады Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Ильяр Ювашев

Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасап, гитарасын тартып алмақ болған

Алматы

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Колумбияда әскери ұшақ апат

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

Кеден