USD
USD
USD

Оқушылардың сабақ үстінде телефон пайдалануына тыйым салынады

Депутаттар оқушыларға сабақ барысында телефон қолдануға тыйым салатын заңды мемлекет басшысына жолдады. 

Телефон
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Заңда орта білім беру ұйымдарында смартфондарды пайдалану ережелерін бекіту қарастырылған. Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл ереже тек сабақ кезіндегі шектеулерге қатысты екенін және бала ұялы телефонды мектепке әкеліп, үзіліс кезінде пайдалана алатынын түсіндірген еді.

Оқу процесінде ұялы телефондарды пайдалануға шектеу қоюды енгізу, тестілеусіз бірінші сыныпқа қабылдау, балабақшаларға орын беру бойынша бірыңғай кезектілікті қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты насихаттайтын, діни сипаттағы ақпараттың таралуына жол бермеу және суицидке шақыруды болдырмау шараларын қабылдауды көздейтін нормалар ұсынылған.

Заң – білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою мақсатын көздейді және еліміздегі білім берудің сапасын арттыру мен реттеудің ұлттық жүйесінің тиімділігін одан әрі күшейтуге бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен