Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Оқушылар жаңа оқу жылында курстан өтеді

Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда мектеп оқушылары «Патриотизм және жаһандық құзыреттер»​

Оқушылар жаңа оқу жылында курстан өтеді
Фото: NEGE.kz

 атты курстан өтпек. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева айтты.

Алматы, NEGE. 5-11 сыныптарда «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» курсы факультатив форматында оқытылады.

Курс мынадай модульдерден тұрады:
• «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік негіздері» ,
• «Азаматтық»,
• «Парасаттылық пен әдеп»,
• «Экология мәдениеті»,
• «Сыни тұрғыдан ойлау»,
• «Зайырлылық және дінтану негіздері»,
• «Медиа сауаттылық».

Сыныптар мен жас ерекшеліктеріне қарай балалар осы бағыттар бойынша оқытылады.

«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» атты курс 5-11 сынып оқушыларына арналған. Оның мақсаты – баланың талдау қабілеті мен шеберлігін дамыту. Бүгінде жаңа жоба өңірлік әдістемелік орталықтарға танысу мақсатында жіберілді. Сол сияқты жаңа курсқа қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», – деді Мәдина Тыныбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен аппарат жиналысында. Оқушыларға арналған жаңа сабақ 2022-2023 оқу жылында қолданысқа енгізілмек.

Қазір оқып жатыр

Алдағы 12 айда базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендеуі мүмкін – сарапшылар

Базалық мөлшерлеме бойынша болжам

Отбасы банк: зейнетақы жинақтарының шегін арттыру ипотекалық өтінімдерге әсер етпеді

Ұмай

Қазақстанда тұрғын үй саудасы түсіп барады

тұрғын үй нарығы

Атырау облысында полицейлерді тепкілеген үш тұрғын сот залында қамауға алынды

блогер соты