USD
USD
USD

Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова мектеп оқушылары үшінші тоқсанда қалай оқитынын айтты.

Оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқиды?
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. "11 қаңтарда оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. 1-5-сынып оқушылары кезекші сыныптар режимінде оқуын жалғастырады. Сонымен қатар мектеп бітіруші 9 және 11, 12-сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын кезекші сыныптар режимінде оқуды бастайды деп жоспарлануда. Әрине, нақты шешім ең алдымен қаламыздағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Офлайн өтетін сабақ кестесіне қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы кіреді. Бұл оқыту пәндерінің 70 пайызы. Сондай-ақ пәндердің 30 пайызы қашықтан оқытылады. Атап өтетін болсақ, информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық пәндері. Ал вариатив компонент пәндері кестеге сәйкес асинхрон түрде жүргізіледі", - деді басқарма басшысы қала әкімдігінің онлайн-брифингінде.

Спикер қалада 9-сыныпта 13 215 оқушы, 7567 бала 11-сыныпта білім алып жатқанын атап өтті және сабақ қалай өтетінін түсіндірді.

"Мектепте икемді сабақ кестесі жасалып, сабақ арасындағы үзілістер әр сынып үшін әртүрлі уақытта ұйымдастырылады. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды, үзіліс 5 минуттан. (...)Сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта оқушылардың оқудағы олқылықтарының орнын толтыру және қорытынды аттестацияға дайындалу үшін 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады. Бұл консультациялар оқушылар қажеттіліктеріне қарай, ата-аналардың келісімімен қатысуына болады. Бұл шешім ата-аналар мен педагогтардың пікірін ескере отырып қабылданады. Себебі 9 және 11,12-сынып оқушылары оқу жылының соңында мемлекеттік аттестациядан және ҰБТ-дан өтеді. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Әрине, мектептерде санитарлық шаралар сақталады", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.