USD
USD
USD

Оқушылар төртінші тоқсанды қалай оқиды?

Білім және ғылым министрлігі төртінші тоқсандағы оқу тәртібін жариялады.

Оқушылар төртінші тоқсанды қалай оқиды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Кәрімованің айтуынша, төртінші тоқсан штаттық форматта басталады. Оқушылар бұрынғыдай толығымен кабинеттік оқу режиміне ауысады.

"Алдағы тоқсанның тағы бір ерекшелігі бар. Жақында ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша кабинеттік жүйеге қайта көшу туралы шешім шығарылған болатын. Бұл дегеніміз, бұған дейін оқушылар бір кабинетте отырып, сабақ оқыса, төртінші тоқсанда физиканы физика кабинетінде, математиканы математика кабинетінде, химияны химия кабинетінде оқиды", - деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, қаңтар айында оқушыларға қосымша бір апта демалыс берілгеннен кейін төртінші тоқсанда өтпей қалған тақырыптар біріктіріледі.

"Маскалық режим, әлеуметтік дистанция және Ashyq жүйесі бойынша талаптар болмайды. Бірақ та әрбір білім басшылары үшін санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау міндеті бар. Атап айтқанда, кабинеттерде уақытында дезинфекция жасау, таза ауа кіргізу және тағысын тағы", - деп атап көрсетті ол.

Айта кетейік, төртінші тоқсан 31 наурызда басталып, 25 мамырда аяқталады. Соңғы тоқсан сегіз аптаға созылады.

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады