USD
USD
USD

«Оқушылар сабақтан себепсіз қалса, ата-анасына айыппұл салынады»

Әлеуметтік желіде "балалар сабақтан себепсіз қалса, оқушылардың ата-анасына айыппұл салынады" деген ақпарат тарап жатыр. StopFake.kz порталының мәліметінше, бұл жалған ақпарат. 

«Оқушылар сабақтан себепсіз қалса, ата-анасына айыппұл салынады»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Менің мектепте "Болашақ" бағдарламасын енгізуге қатысты сұрағым бар. Бізден баланың қандай емханаға тіркелгені туралы деректерді талап етуде. Сабаққа келген-келмегені туралы деректерді жинайды екен. Егер бала себепсіз келмесе, айыппұл салады. Бұл бағдарламаға қатысудан бас тартуға бола ма?", - делінген желідегі хабарламада.

Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, елімізде мұндай жаңашылдықтар енгізу жоспарланбаған.

"Біз бұл ақпаратты растамаймыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда нәрестелерді COVID-19-ға қарсы вакцинасыз перзентханалардан шығармайтыны туралы ақпарат тараған еді. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті теріске шығарды. 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық