USD
USD
USD

Оқушылар Мәжіліс жұмысымен танысты

Тоқсанаралық демалыста еліміздің әр өңірінен жиналған оқушылар бүгін Мәжіліске келіп, мұндағы жұмыс барысымен жақынырақ танысты.

Оқушылар Мәжіліс жұмысымен танысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін «Білім-Инновация» лицейлерінің оқушыларын БИЛ вице-президенті Нұрбол Төлебаев бастап келді. Оларды Мәжіліс қабырғасына депутат, кешегі білім саласының қызметкері Жұлдыз Сүлейменова шақырды. Сондай-ақ кездесуге депутат Мақпал Тажмағамбетова қатысты.

Лицей оқушылары ел болашағы үшін маңызды шешімдер қабылданып, келелі мəселелер талқыланатын Мәжіліс ғимаратына, оның ішінде бірлескен отырыс залын, кітапхана, жалпы отырыс залдарын аралап, экскурсия жасады.

Озық ойлы оқушылар депутаттарға еңбек нарығы, білім, экономика тақырыптарында толғандырған сауалдарын қойды. Кездесуде көшбасшылық қабілетті дамытудың басты тетігі – патриоттық сезім, адал және таза еңбек, сапалы білім, қоғамға пайдалы болуға деген құштарлық екендігі оқушыларға баса айтылды.

Мұндай ағартушылық экскурсиялар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері