USD
USD
USD

Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты басталды

21-24 қыркүйекте Алматы қаласында ADD үстел теннисі орталығында  тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сайысқа әлемнің 16 елінен ойыншылар қатысады: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б. Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге.

Чемпионаттың ресми ашылуы 21 қыркүйек күні өтеді.

Тоғызқұмалақ – бұл қазақтың ұлттық ойыны, логикалық ойлау қабілетін дамыту өнері, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оның ақыл-ойын нығайтуда аса маңызды. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты