USD
USD
USD

Оқушылар 6 сәуірден онлайн оқиды

6 сәуірден бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. 

Оқушылар 6 сәуірден онлайн оқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылдың 6 сәуірінен бастап қазақстандық мектептер қашықтан оқытуға көшеді. Қазір Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыру тетіктерін пысықтауда. Бұл жөніндегі барлық жаңалықтарды жақын уақытта хабарлаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, ресми мәлімдемені күтуді сұраймыз. Қазір мектептер мен мұғалімдерді сұрақтың астына алып, айыптаудың реті жоқ. Бұл мәселе Үкіметтің құзіретінде. Біз барлығын алдына ала хабарлаймыз», - деді Дәурен Абаев.

Оның атап өтуінше, осыған орай қосымша шара ретінде «Еларна» мен «Балапан» теле арналарынан оқушыларға арналған видео сабақтар көрсетіледі.

«Бірақ, бұл негізгі емес, қосымша шара. Осыны қайталап айтқым келеді. Аталған видео сабақтарды Білім және ғылым министрлігі дайындаған. Олар «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, ал «Еларнада» орыс тілінде көрсетіледі», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес

Exclusive-ке жасалған DDoS-шабуылға «Қазақтелекомның» қатысы бар ма?

Қазақтелеком