USD
USD
USD

Оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бара ма?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйекте балалардың мектепке баруы туралы сұраққа жауап берді.

Оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бара ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Бұл өте өзекті сауал. Мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакцинациялай алсақ, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, онда келесі оқу жылында, қыркүйекте білім беру ұйымдарымыз, ең алдымен әрине мектептер ашылады", - деп жауап берді Аймағамбетов.

Министр балалар мектепті, достарын, мұғалімдерін қатты сағынғанын атап өтті.

"Мұғалімдер де дәстүрлі форматқа тезірек оралғысы келеді. Бірақ бәрі өзімізге, қоғамға байланысты. Мен вакцинация қарқыны келесі жылы мектептердің ашылып, дәстүрлі форматқа оралуымызға әсер етеді деп үміттенемін", - деп түйіндеді БҒМ басшысы.

Қазір оқып жатыр

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға

«Қызыл кітаптағы өсімдіктерге зиян тимейді»: Көкжайлаудағы SuperSki жобасы туралы не белгілі?

Almaty Superski

Депутат Ерлан Сайыр Моральдық кодекс әзірлеуді ұсынды

Ерлан Сайыров

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

рақымшылық