USD
USD
USD

Оқушылар жазда мұражайлар мен театрларға тегін кіре алады

Үкімет отырысында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов балаларға арналған жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Балалар
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ол Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты мекемелер жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында жас ұрпақтың мәдени және шығармашылық әлеуетін кеңейтуге бағытталған ауқымды іс-шаралар кешенін әзірлегенін атап өтті.

Министрлікке қарасты 10 білім ордасында бүгінде 10 мыңнан астам шәкірт білім алып жатыр. Аталған ұйымдарда жаз мезгіліне арналған арнайы мәдени-танымдық бағдарламалар бекітілді.

«Жазғы уақытта еліміздің барлық мектеп оқушыларына музейлер мен театрларға, өзге де мәдени мекемелерге тегін кіруге мүмкіндік жасалып отыр. Бұл әрбір балаға мәдени мұрамен етене танысып, рухани байи түсуге жол ашатын игі бастама»,

— деп толықтырды Қанат Ысқақов.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы