USD
USD
USD

Оқушылар мен ұстаздардың дерегі тарады ма? Daryn.online жауап берді

Daryn.online платформасы 4,2 млн пайдаланушының жеке деректері тарап кетті деген ақпараттың әзірге расталмағанын мәлімдеді.

Бизнес
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Бұған дейін киберқауіптерді талдайтын ThreatMon платформасының мамандары даркнетте Daryn.online дерекқоры бұзылып, оқушылар мен ұстаздардың жеке деректері тарап кеткені туралы хабарлама пайда болғанын жазған еді. Тарады делінген деректердің ішінде пайдаланушылардың аты-жөні, ЖСН-і, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, туған күні, оқу үлгерімі және IP-мекенжайы болуы мүмкін. Қазір бұл ақпаратты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі тексеріп жатыр.

Daryn.online өкілдері 4,2 млн пайдаланушының дерегі тарағанын растайтын мәлімет жоқ екенін хабарлады.

«2025 жылы Daryn.online ақпараттық жүйелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоса алғанда, уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеруінен өткенін атап өтеміз. Тексеру нәтижесінде компанияда қолданылатын ақпараттық қауіпсіздік шараларының талаптарға сәйкестігі расталды», – делінген ресми хабарламада.

Компанияның мәліметінше, қазір салалық мамандардың қатысуымен жан-жақты техникалық тексеріс жүргізіліп жатыр. Тексеріс аяқталғанша жарияланды делінген дерекқордың көлемі, мазмұны мен қайдан алынғаны туралы нақты қорытынды жасауға ерте.

Компания тексеріс қорытындысы бойынша толық ақпарат жариялайтынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум