USD
USD
USD

Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?

Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалатыны белгілі болды.

Қысқы каникул
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, екінші тоқсанда оқу уақыты 8 аптаны құрайды. Оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады.

Қысқы демалыс 2024 жылдың 30 желтоқсанында басталады және 2025 жылғы 8 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.

Еске салайық, бұған дейін оқушылар ІІІ және ІV тоқсанда қалай демалатыны белгілі болған еді. Бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 2025 жылғы 10 ақпаннан 16 ақпанды қоса алғанға дейінгі уақытта ұзақтығы 7 күн қосымша демалыстар беріледі.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Ал 11 күндік көктемгі каникул 2025 жылғы 21 наурызында басталып, 31 наурызды қоса алғанға дейін жалғасады.

 

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы