USD
USD
USD

Оқушы жаңа әлеуметтік желі ойлап тапты

Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Бибарыс Ғилаж еріктілердің қызметіне арналған жаңа мобильдік қосымшаны жасап шығарды, деп хабарлады nis.edu.kz.

Оқушы жаңа әлеуметтік желі ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол «Шаңырақ» ұялы бағдарламасына қайырымдылық пен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын еріктілер үшін қажетті деректерді жинаған. Мобильді қосымшаны қолданушылар бір-бірімен тұрақты хабарласуға және деректер алмасуға мүмкіндігі бар. Мұнда кәдімгі әлеуметтік желі сияқты тіркелушілер жеке профильдік-аккаунт ашады және қосымшадағы басқа да қолданушыларды қауымдастықтарға енгізе алады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен келесі жыл елімізде Еріктілер жылы деп белгіленді. Менің білуімше, қазіргі ақпараттық кеңістікте барлық қазақстандық еріктілердің басын қосатын және олар туралы ресми мәлімет беретін деректер қоры жоқ. Бұл мобильді қосымша арқылы мен осындай проблемаларды шешудің жолын іздедім. «Шаңырақ» ұялы бағдарламасында жергілікті және басқа да аймақтағы еріктілер туралы ақпараттар, олардың өткізетін шаралары туралы хабарламалар жарияланып тұрады. Жобаның баламасы ретінде танымал әлеуметтік желілерді де айтуға болады. Бірақ оларды пайдаланудағы қауіпсіздік ережелері барлық кезде сақтала бермейді. Ал мен дайындаған мобильді қосымша белгілі қауіптерді алдын алуға және жасырын деректердің таралмауына септігін тигізбек. Қосымшада тек әрбір адамға қажетті негізгі функциялар қолжетімді болады. Мұнда қажетсіз жарнамалар мен спам ескертулер болмайды», – деді Бибарыс.

Мобильді қосымша Android Studio негізінде Java көмегімен жұмыс істейді. Жақын арада ұялы телефондарға арналған көмекші құрал Play-market-те қолжетімді болмақ.

Ол түрлі облыстық және республикалық IT технологиялар мен робототехника сайыстарының жүлдегері. Ағымдағы жылы АҚШ-ң Стенфорд университетінде бағдарламалау, көшбасшылық және әлеуметтік ғылымдар курсын сәтті тәмамдап шыққан.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші