USD
USD
USD

Оқушы қыз қабылдау комиссиясының қателігінен гранттан айырыла жаздаған

Ғылым және жоғары білім министрлігі техникалық қатеге байланысты грантынан айырылған түлектің мәселесін шешкенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқушы қыз қабылдау комиссиясының қателігінен гранттан айырыла жаздаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мектеп түлегі Жасмин Тастан Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарын тапсырған. Министрлік мәліметінше, қабылдау комиссиясының маманы "ҰБТ сертификатының деректерін енгізу кезінде техникалық қате жіберген".

Грант иегерлерінің тізімі жарияланғаннан кейін ата-аналар оқу орнының басшылығы мен оқу бөліміне жүгінген.

"Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері бұл өтінішті қарап, шешім қабылдады. Министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен тілдесіп, қателік үшін министр мен министрліктің атынан кешірім сұрады. Техникалық қате бірден түзетіліп, талапкер Жасмин Қуанышқызы СДУ (Сулейман Демирел атындағы университеті – еск.) грантына ие болды. Сонымен қатар, жатақханамен қамтамасыз етіледі", - деді министрліктегілер.

Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің құжат қабылдауда қате жіберген қабылдау комиссиясының маманына сөгіс жарияланғаны айтылады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-ның аппарат басшылары мен ректорларына талапкерлердің құжаттарын қабылдау кезінде абай болу керек екенін еске салды.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда балалар санитариялық жағдайы сын көтермейтін лагерьде демалуға мәжбүр болған

Светафор

Алматы маңындағы аудандардың бірінде жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

сел қаупі

Қазақ дәрігері Қытайдың ең жоғары партиялық орденімен марапатталды

Оқас Сүлеймен

Қазақстанда ипотеканың шекті мөлшері өзгереді

ипотека