Оқушы қыздар халықаралық математика олимпиадасында үш медаль жеңіп алды
Францияның Бордо қаласында өткен EGMO-2026 қыздарға арналған халықаралық математикалық олимпиадада 66 елден 247 қатысушы бақ сынады. Бұл сайыста қазақстандық қыздар екі күміс және бір қола медаль иеленді.
Астана, NEGE. Бұл жөнінде Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Білім сайысында Алматы қаласындағы С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Қайрат Аружан мен Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Юлия Катунина күміс медаль иегері атанса, Алматы қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Вера Которова қола жүлдені жеңіп алды.
Құрама команданы Антон Васильев пен Марат Нысанбаев жаттықтырған.
Жалпы командалық есепте Қазақстан 66 елдің ішінде 20-орынды иеленсе, ресми еуропалық елдер арасында 10-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олардың педагогтарына 6,5 млн теңгеге дейін біржолғы сыйақы төленетінін жазған едік. Биыл I дәрежелі диплом мен алтын медаль иегерлері үшін 6 487 500 теңге, II дәрежелі диплом мен күміс медаль үшін 4 325 000 теңге, III дәрежелі диплом және қола медаль үшін 2 162 500 теңге бекітілген. Халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтар да сыйақы алады. Оның мөлшері базалық лауазымдық жалақыға байланысты есептеледі.
Қазір оқып жатыр
«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Тоқаев
Ішкі рейстердің билеті арзандай ма? Экономист ҚҚС-ның әсерін түсіндірді
Sen Sulu бренді ресейлік блогер Валя Карнавалға қатысты хейтке жауап берді
Бектенов Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейсті жыл соңына дейін ашуды тапсырды