USD
USD
USD

Оқудан шығарылған 10 студенттің мәселесі шешілді

Осыған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 10 баланың оқудан шығарылғаны туралы жазған болатынбыз. Естеріңізде болса, факультет деканы Өмірхан Әбдиманұлы да жағдайға байланысты Nege.kz тілшісіне түсініктеме берген еді.

Оқудан шығарылған 10 студенттің мәселесі шешілді
Фото: NEGE.kz

 

Оқудан шығарылды деген студенттердің ата-аналары редакциямызға хабарласып, балалардың Абай аптындағы Қазақ Ұлттық педагогика университетіне ауысқанын жеткізді.

Айтуларынша, дәл қазіргі сәтте оқудан шығарылған 10 студенттің тек 9-ы ғана ауысқан. Ауыспаған студенттің мәселесі шешілу үстінде. Нақты шешім алдағы күндері белгілі болады.

Тақырыпқа орай: ҚазҰУ-дан тағы шу шықты: 10 студентті оқудан шығару әділеттілік пе?

«Мен филология факультетінде 2-курс оқып жүрген, оқудан шыққалы жатыр деген 10 баланың бірінің туған әпкесімін. Факультет деканы Өмірхан Әбдиманұлы ешбір дәлелсіз, еш негізсіз 10 баланың болашағына балта шапқысы келді. Бірақ біз ата-аналар балаларымыз, бауырларымыз үшін соңына дейін бардық. Ол балаларды оқудан шығаруға еш негіз таппаған соң, балаларды өзіне шақырып алып, ҚазҰПУ-ге ауысуларын өтінді. 10 бала оқудан шығарылғанымен, қуанышымызға орай, мемлекеттік гранттарын сақтай отырып, сол университетке ауысатын болды. Балалар оқуларын басқа жоғарғы оқу орнында аяқтап, белгілі бір маман иесі атанады. Бұл 10 бала әлі-ақ өздерін дәлелдеп шығады», - деді Альбина Жұмабай.

Осы жағдайға қатысты факультет деканы да өз ойын айтты: 

«Мен өз ұсынысымды айтқанмын. Сол бойынша университет басшылығы қол қойып, студенттер оқудан шығарылды. Ата-аналардың жазған өтінішімен жоғары жақтан басқа университетке ауыстыру туралы шешім қабылданды. Басқа оқу орнына ауысатын болса, қарсы емеспін», - деді Өмірхан Әбдиманұлы.

Тақырыпқа орай: ҚазҰУ-дан шығарылған 10 студентке қатысты факультет деканы түсініктеме берді​

Ұйқысы қашқан ата-аналар балаларының басқа университетте оқуын жалғастыратынына қуанышты.

«Балалармыз басқа оқу орнына ауыстырылды. 2-3 күннен бері осы мәселені шешумен болдық. Ақыры грант орнын сақтап, басқа оқу орнында оқуларын жалғастырады», - деді ата-ана Ақберен Әбибулла.

Оқудан шығарылған студенттер ертеңнен бастап Қазақ Ұлттық педагогика университетінде оқуын жалғастырады.

Маржан Сәбет

Қазір оқып жатыр

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды

Жол апаты

Шахтинскіде газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

.

Қосшыда жол жиегінен сәбидің денесі табылды

Сәби

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

.