USD
USD
USD

Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау күнін 25 мамырға қайтару мәселесін қарастыруы мүмкін

2023 жылғы 7 наурызда үкімет кулуарында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сарапшылар қауымдастығы соңғы қоңырау күнін 25 мамырда қайтару мүмкіндігін талқылайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігі соңғы қоңырау күнін 25 мамырға қайтару мәселесін қарастыруы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр қабылданған шешімді бірден өзгерте салу оңай болмайтынын атап өтті.

"Көптеген ата-ана 25 мамырды қайтаруды ұсынып жатыр. Шешім қабылдап, биыл бірден өзгерту оңай емес. Бұл мұғалімдердің сағаты мен оқу материалының жоспарланған көлемі сияқты алдын ала қабылданған оқу бағдарламаларына әсер етеді. Бірақ, жалпы, мен командама тағы да оқу жөніндегі қауымдастықты жинап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді немесе нақты шешім қабылдауды тапсырдым. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Бірақ қабылданған шешім биыл іске асырылады", - деді Ғани Бейсембаев.

Ол шешімді сарапшылар қауымдастығы қабылдайтынын, талқылауға ата-аналар да қатысуы мүмкін екенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп