USD
USD
USD

Оқу орнына еңбегі сіңген ғалым мерейлі жасқа келді

Сәтбаев Университетінің акт залында 27 мамыр күні Ұлттық ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Әбдіғаппар Әшімұлы Әшімовтың 85-жасқа толған мерейтойы салтанатты түрде атап өтіледі.

Оқу орнына еңбегі сіңген ғалым мерейлі жасқа келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Университет түлегі Әбдіғаппар Әшімұлы 1976-1985 жылдар аралығында оқу орнында ректор қызметін абыроймен атқарды. Ол басқару жүйелері теориясы мен технологиялық кибернетика саласындағы аса көрнекті ғалым. Сондай-ақ, ол еліміздің жоғары мектеп жүйесінде, оқу-тәрбие және ғылым саласында талантты басқарушы ретінде танымал. 

 1991 жылы Ә. Әшімовтың жетекшілігімен және тікелей атсалысуымен ҚР Ғылым академиясы Ақпараттану және басқару проблемалары институты (қазіргі ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ақпараттық және есептеу технологиясы институты) ұйымдастырылды. 1991-1994 жылдары осы институттың директоры қызметін атқара жүріп, жаңа институт қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарды, оның ақпараттану, басқарудың теориялық және қолданбалы қырлары саласындағы іргелі мәселелерін шешуге ұжымды бағыттау мен ғылыми бағдарламасын әзірлеуді жасады.

  1994 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Жоғары аттестациялық комиссияның төрағасы болып тағайындалды. 1995 жылдан бастап Ақпараттану және басқару мәселелері институтының ғылыми кеңес берушісі болып қосымша қызмет атқарды. 1997 жылдан бері ҚР БҒМ ҒК Ақпараттану және есептеу технологиясы институты Басқару және талдау жүйесі зертханасының меңгерушісі болып еңбек еткен.

Әшімов  жоғары оқу орындарының қалыптасып, заман талабына сай дамуына зор үлесін қосты.  Білім мен ғылым саласындағы барлық жетістіктерін тізбей-ақ, сол кездегі Қазақ политехникалық институтына басшылық еткен жылдардағы ерен еңбегін айтсақ та жеткілікті. 1976-1985 жылдары аталған оқу орыны Кеңестер одағы төңірегінде жоғары білім беретін оқу орындарының алдыңғы қатарына қосылды. Оқу орнының жанынан бұл күнде еліміздегі бірнеше іргелі университеттер бөлініп шықты.  

Ә.Әшімовтың 85 жылдық саналы ғұмыры мен адал ғылыми қызметі бүгінгі жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Сондай-ақ, Ә. Әшімовтың 85 жылдық мерейтойына орай ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Б. Сұлтановтан, ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтен, тағы басқа алыс-жақын шетелдік қонақтардан құттықтау хат келіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park