USD
USD
USD

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында қандай өзгерістер болатынын айтты

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында болатын өзгерістері жариялады.

ж
Фото: opennews.kz

Алматы, NEGE. 1 қыркүйектен бастап барлық мектепте "Адал азамат" бірыңғай тәрбие бағдарламасы кеңейтіледі. Ал ата-аналар қауымдастығы мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын дамыту мақсатында ата-аналар комитеттері трансформациядан өтеді. Сонымен қатар бағдарлама құндылықтарына негізделген бірыңғай мектеп дизайн-коды кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

Басқа да өзгерістер:

– Алматы облысының мектептерінде "Заң және тәртіп" пилоттық жобасы қолға алынады;

– қараша айында "мектеп – ата-ана – қоғам" үштігінің ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған алғашқы Республикалық ата-аналар комитеттері форумы өтеді;

– мектеп процесіне жасанды интеллект элементтерін кезең-кезеңімен енгізу басталады;

–"Келешек мектептері" үшін педагогтерді әзірлеудің үш деңгейлі оқыту моделі іске қосылады;

– педагогтерді аттестациялауға арналған "Ұстаз" цифрлық платформасы толыққанды енгізіледі;жас әрі талантты педагогтердің деректер қоры қалыптастырылады;

– Абай атындағы республикалық мектеп-интернат "Абай ұлттық мектебі" болып қайта ұйымдастырылады;

– барлық мектепте ыстық тамақ ақысы тек ваучерлер және "Әлеуметтік әмиян" жүйесі арқылы төленеді;

– мектептер мен колледждерде буллингке қарсы "DosbolLIKE" бағдарламасы енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт