USD
USD
USD

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерге сүйінші жаңалық жеткізді

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. 

Жұлдыз Сүлейменова
Фото: gurk.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сұлейменова желідегі парақшасында хабарлады.

«Құрметті ұстаздар, сіздерге арналған сүйінші жаңалық бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мұғалімдердің пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды. Менің ойымша, Мемлекет басшысы сіздерге зор сенім артып, жанашырлық танытуда. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын!», – деді Сүлейменова.

Министр өңірлік білім басқармаларына тиісті шешім бойынша ресми хат жолданғанын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін мұғалімдер өз пәні бойынша біліктілігін растау үшін тест тапсырып келген. Бұл тест мұғалімдердің жұмысына қосымша жүктеме екені жиі айтылып жүрді.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев