USD
USD
USD

Өкпесі 90 пайыз зақымданған азамат қауіпті індетті жеңіп шықты

Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғыны Ғалымжан Сыздықбек коронавирустың ауыр түрін жеңіп шықты.

Өкпесі 90 пайыз зақымданған азамат қауіпті індетті жеңіп шықты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Екі өкпесі қабынған азамат 7-ші қыркүйек күні Асар шағынауданындағы жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем көлігімен ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер ер кісінің жағдайының ауыр болуына байланысты оны жансақтау бөліміне жатқызған.

Медицина мамандары науқасқа өкпенің компьютерлік томографиясын жасап, қос өкпесі қабынғанын анықтаған. Бұған қоса коронавирус инфекциясы оң нәтиже көрсеткен. Компьютерлік томография нәтижесінде өкпесінің 90-пайызы зақымдалғаны анықталып, сатурациясы 80-ге дейін төмен болған. Жансақтау бөлімінде науқас өздігімен дем ала алмай, аппаратқа қосылған.

– Түскен кезде жағдайы өте ауыр болды. Сатурациясы 80-ге дейін түсіп кеткен. Кт-да 90-пайыз өкпесі зақымдалғанын көрдік. Жансақтау бөлімінде антикогулянтты, вирусқа қарсы, антибактериялды ем алды. Сонымен қоса НИВЛ аппаратына қосылды. Динамикалық емнің арқасында қайта КТ-нәтижесінде өкпе қабынуы 40-пайызға дейін төмендеді. Қазір жағдайы жақсы, палатаға ауыстырдық, – дейді инфекционист-дәрігер Бекзат Бегасылұлы.

Коронавирустың ауыр түрін жеңіп шыққан азаматтың қазір денсаулығы жақсы. Жағдайы жақсарған азаматты дәрігерлер үйіне шығармақ.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек