USD
USD
USD

Өкпесі 85 пайыз қабынған науқас коронавирусты жеңіп шықты

Шымкент қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері өкпесінің 85 пайызы зақымдалған қарт кісіні аман алып қалды.

Өкпесі 85 пайыз қабынған науқас коронавирусты жеңіп шықты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Компьютерлік томография нәтижесінде науқаста екі жақты пневмония анықталған. Бұған қоса ПТР сараптамасы бойынша егде жастағы азаматшада Covid-19 вирусы бар екені белгілі болған.

Нақтырақ айтсақ, 1952 жылғы қала тұрғыны Ұлас Исаққызы ағымдағы жылдың 28-шілде күні ауыр халде жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген болатын. 3 тамыз күні науқастың жағдайы күрт нашарлаған соң дәрігерлер жансақтау бөліміне ауыстырып, жасанды тыныс алу аппаратына қосады. Емдеу барысында қарт кісіге реанимациялық және вирусқа қарсы терапиялық емдер үздіксіз жүргізілді. Араға бір ай салып, науқастың жағдайы жақсарған соң дәрігерлер оны палалатаға ауыстырған.

Дәрігердің айтуынша, айлап жансақтау бөлімінде жатқан науқастың созылмалы ауруларына байланысты асқынулар болған. Дегенмен емдеу жұмыстары оң нәтиже көрсетіп, 69 жастағы кісінің денсаулығы жақсарған.

– Зейнеткерге емдеу хаттамасы бойынша толық ем жүргізілді. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Бүгін үйіне шығардық»- дейді жұқпалы аурулар орталығының дәрігері Сейталиев Нұрлыбек.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы