USD
USD
USD

Өкпесі 80 пайыз зақымдалған науқас сауығып шықты

Шымкентте осы жылдың 3 қарашасында қалалық инфекциялық орталығына 41 жастағы тұрғын Жібек Батырова ауыр жағдайда түскен болатын. Дәрігерлер науқасты бірден жансақтау бөліміне жатқызып, тексеру жұмыстарын жүргізген. 

Өкпесі 80 пайыз зақымдалған науқас сауығып шықты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Компютерлік томография науқас өкпесінің 80-% зақымдалғанын көрсеткен. Бұған  қоса науқаста  ІІ-дәрежелі тыныс жетіспеушілігі болыпты. 

Инфекциялық ауруханаға жеткізілгенге 6 күн сырқаттанған. Үш күн «Мейірім» клиникасында ем алып, денсаулығының дұрысталмауына байланысты  Шымкент қалалық жұқпалы аурулар орталығына жедел жәрдем қызметі арқылы ауыстырылған. 

«Науқастың түскен кездегі жағдайы өте ауыр болды. Өкпесінің 80-пайызы зақымдалған. Онымен қоса тыныс алу жетіспеушілігі де болды. Ауырғанына 1-аптадай болған. Оның соңғы 3-күнінде Мейірім клиникасында ем алған. Науқасты бірнеше дәрігер болып қарадық. Емдеу хаттамасы бойынша толық ем алды. Соның арқасында жағдайы дұрысталып, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ» –дейді жұқпалы аурулар орталығының жауапты дәрігері Бекен Сырбекұлы.

Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Денсаулығы жақсарған науқасты дәрігерлер үйіне бүгін үйіне шығарды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек