USD
USD
USD

Өкпесі 100% зақымданған науқасты аман алып қалды

Карантин кезінде жұмыс жасаған медициналық мекемелердің пациенттері есін жиып, өмірін сақтап қалған дәрігерлерге ризашылықтарын білдіре бастады. Осы уақыт ішінде Алматы қаласы Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының дәрігерлері ауыр жағдайда ондаған күрделі ота жасады, соның ішінде өкпесі 100% зақымданған науқастарды қалпына келтіру де бар.

Өкпесі 100% зақымданған науқасты аман алып қалды
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Профессор Несіпхан Бектеновтың өкпесінің 96%-ы зақымданған болатын.

 - Әкем ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне түсті, - деп науқастың қызы Сабина ЖШККА сайтына жазды. - Оның өміріне қауіп төнді, бірақ аурухана дәрігерлерінің кәсіби шеберлігі, адал жұмысы және біліктілігі арқасында әкем аман қалды. Ол бір айға жуық ауруханада жатты, оның 17 күні жансақтау бөлімінде өткізді. Мен әкемнің өмірін сақтап қалған барлық дәрігерлерге, медбикелерге шын жүректен АЛҒЫС айтамын.

- Бұл науқас өте ауыр жағдайда түскенін ескеріп, біздің мамандар оған әлі де кеңес беріп қояды, - дейді жансақтау бөлімінің бастығы Тимур Райымжанов. - Біз оны барлық медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында аман алып қалдық, бұл біздің аурухананың қалыптасқан дәстүрі ғой. Емдеу науқастың жағдайына байланысты үнемі түзетіліп отырды. Біз науқастарды тәулік бойы бақылап отырамыз, карантиннің ерекше жағдайларына қарамастан, дәрігерлер бірін-бірі алмастырады, медбикелер үнемі бақылау жүргізеді, санитаркалар да көмектеседі, қарқынды терапия кезінде массаж жасау, науқасты аударып отыру, оны жалғыз қалдырмау өте маңызды.

 - Әрине, көп нәрсе медицина қызметкерлерінің жұмысына байланысты, бірақ науқастардың өмірге деген ынтасы да байланысты екенін ұмытпағанымыз жөн, - дейді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Бахтияр Бекешев. - Бұл науқас өте қиын болған күннің өзінде де барынша позитивті көңіл-күйде болды. Біз адамдарды психологиялық тұрғыдан қолдауға тырысамыз, бірақ науқастың бәрі қайта жазылып, аяқтан тұру үшін барын салмайды. Несіпхан Бектенов өмір сүруге деген құлшынысы жоғары болды, ол өзін тастамады, сондықтан аман қалды!

Қазір профессор өз үйінде, оның аман қалатынына үмітін үзген жақындарының қасында, ақырындап қалпына келіп жатыр. Толық сауығып кеткеннен кейін оны ол ұзақ жылдар бойы дәріс берген Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дағы әріптестері мен студенттері күтеді. 

Ал Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы бұрынғы жұмыс режиміне оралып, қазіргі таңда көпсалалы қалалық емхана ретінде жұмыс жасауда.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

Баланы іздеу

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Әділет Алмат

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

бағасы