USD
USD
USD

Өкпенің қабынуына шалдыққандар көп

Түркістанда бүгіннен бастап саябақтардың жарығы сөніп, субұрқақтардың жұмысы тоқтады. Бұл жөнінде қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен мәжілісте сөз болды.

Өкпенің қабынуына шалдыққандар көп
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиынға қатысқан сала мамандардың айтуынша, пневмония ауруымен ауырғандар үшін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қосымша орын дайындалып жатыр. Одан өзге, мемлекеттік қызмет алуды оңтайландыру үшін жаңа тұрғын үй аумағында және қаланың шеткі аумақтарында тағы да Халықтық кеңселер ашылады. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы көлік қарастырылады. Жалпы, Халықтық кеңсе әкімдікке қарасты бөлімдерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтермен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауда. Ал, дайын болған қаулы, хаттама, арыз-шағым және өтініш құжаттар таратылуда. Мәселен, адами капиталды дамыту бөліміне қарасты мектептер мен балабақшаларда барлығы 51 өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары бар.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласы, әкімдіктің дербес жер қатынастары, тұрғын үй, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту бөлімдері интернет желілерімен қамтылған. Мәжілісте шаһар басшысы Рашид Абатұлы әр салаға жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушыға заңсыз үй алған азаматтар болса анықтап, шара қолдануды міндеттеді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Ормуз

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Атырау

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

Маңғыстау

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Ұялы телефон