Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын өндіріс ашылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнына барды. 

Өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын өндіріс ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кәсіпорын пандемия жағдайында өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) стационарлық аппараттарының өндірісін ұйымдастырған. Бұл аппарат емдеу мекемелерінде жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде ересектер мен балалардың өкпесін ұзақ уақыт бойы желдетуге арналған.

ӨЖЖ аппараты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай келеді және Нұр-Сұлтан қаласындағы Көпсалалы жұқпалы аурулар орталығында сәтті сынақтан өтіп, медицина мамандарының оң сараптамалық қорытындысын алған. 

Бүгінгі таңда жергіліктендіру деңгейін 30%-ға дейін жеткізумен, оны 50% және одан да көп пайызға ұлғайту перспективасымен ӨЖЖ аппараттарын өндірістік құрастыру жүзеге асырылуда.

Өндірістік цикл кезеңінде жергіліктендіру деңгейі «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС-ның заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталуының және электронды, радиоэлектронды және оптикалық приборлар саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың құзыретінің жоғарылығының арқасында артатын болады.

ӨЖЖ аппараттары өндірісіне ҚР басқа да қорғаныс саласы кәсіпорындарының технологиялық әлеуеті тартылған. Денсаулық сақтау министрлігінің жөнелтуге рұқсаты бойынша ӨЖЖ аппараттары биыл қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық өңірлері бойынша медицина мекемелеріне 1500 дана көлемінде жеткізілетін болады. 

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.