USD
USD
USD

Өкпе VS коронавирус

Коронавирус кезінде өкпе қалай зақымданады? Бұл сауалға Астана медицина университетінің кафедра меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұрила Малтабарова жауап берді. 

Өкпе VS коронавирус
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінде әлеуметтік желіде клиникалық хаттамаға, коронавирустан өлім-жітімге қатысты ақпарат өте көп. Сондықтан коронавирус инфекциясының ағымының ерекшеліктері және неліктен өлім-жітім орын алатындығын түсіндіргім келеді. Қазіргі уақытта өкпенің ісінуі – бұл тек коронавирус инфекциясы кезінде ғана емес, сонымен бірге ауыр қатерлі жағдайда да қауіпті асқыну. Өкпе тіні ісініп, вирус аралық кеңістікті зақымдай бастайды. Ол жерде сұйықтық жиналады. Өкінішке орай аурудың ауыр сатысында өкпе мен тамырлар арасындағы осынау кеңістікке өте көп су жиналып, өкпе ісінеді. Дәл осы жайт өлім-жітімге алып келуі мүмкін. Даму жолдары өте көп. Бірақ, ең бастысы, вирус өкпе тінін жылдам зақымдайтындығын айтуымыз керек», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, артериалды гипертензия, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары, қант диабеті, семіздік сынды сырқаттар кезінде де өкпе қабынуы мүмкін.

«Жүрек-қан тамырлары жұмысының жеткіліксіздігі салдарынан ағзада сұйықтық көбейіп, өкпедегі ісік ұлғаяды. Біз өлім-жітім себебінің бірі өкпе қабынуы болуы мүмкін дегенімізде, бұл инфузиялық препараттардан емес, жүрек-қан тамыры жүйесі жұмысының жеткіліксіздігінен ағзада сұйықтықтың артқандығынан дегенді білдіреді. Мұндай жайт созылмалы аурулар түріндегі жоғарыда аталған тәуекел факторлары бар пациенттердің басым бөлігінде орын алады», – деді Нұрила Малтабарова.

Қазір оқып жатыр

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон

200 мың доллар және милиондаған рубль: шекарадан қолма-қол ақшаны заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Шекара қызметкері мен күдікті

«Халықтық құрылысқа» бөлінетін 6,5 трлн теңге: Годунова қандай қауіп барын айтты

Құрылыс

Жетісу облысындағы Балқаш жағалауында алғашқы коммуналдық жағажайдың құрылысы аяқталды

Жағажай