«ӨКМ операторы» директоры Руслан Шәмшиевтің кісі қолынан қаза тапқаны анықталды
«ӨКМ операторы» ЖШС директоры Руслан Шәмшиев кісі қолынан қаза тапқан. Ол өз-өзіне қол жұмсаған жоқ, деді саясаткер және қоғам қайраткері Санжар Боқаев тәуелсіз сараптама қорытындысын алға тартып.
Алматы, NEGE. «Руслан Шәмшиевтің өлімі Мәскеудің тәуелсіз сараптама қорытындысы бойынша, өз-өзіне қол жұмсаудың емес, кісі қолынан болған қастандықтың нәтижесі екені анықталды. Тергеу бір жыл бойы бізді өз-өзіне қол жұмсады деген қорытындыға сендіруге тырысты. Менің қолымда суицид нұсқасын жоққа шығаратын Мәскеу сараптамасының толық мәтіні бар. Сараптама өз-өзіне қол жұмсау нұсқасын жоққа шығарады, бастың артқы жағына ауыр затпен соққы жасалған. Соққы нәтижесінде гематома пайда болып, есін жоғалтқан. Сонымен қатар, мойын аймағында өзге адамның тұншықтырған белгілері бар. Трасология денедегі іздердің асылған күйде пайда болмайтынын көрсетті. Оның үстіне мәскеулік сарапшылар қазақстандық сараптаманың объективтілігіне күмән келтіріп, істе көрсетілген барлық жағдайда адам өз-өзіне қол жұмсай алмайтынын дәлелдеді», - деп хабарлады Боқаев өзінің Telegram каналында.
Ол Бас прокурор мен Ішкі істер министріне жоғарыда айтылғандарды басшылыққа алуды сұрады:
1. Іске Мәскеу сараптамасын тіркеу;
2. Істі «Адам өлтіру» бабына ауыстыру;
3. Қылмыстың орындаушысы мен тапсырыс берушісін анықтау.
«Мен Мәскеудегі сараптаманың шағын үзіндісін келтіріп отырмын, оны Шәмшиевтің әйелі екі ай бұрын алғаннан кейін бірден құзырлы орындарға тапсырған. Тергеу органдары сараптама материалдарын зерделеп, істі қайта саралауын осы уақытқа дейін күттік. Алайда, олай болған жоқ. Кейбір жоғары лауазымды шенеуніктер бұл істің объективті түрде зерттелуіне қарсы. Жақын арада марқұм Руслан Шәмшиевтің отбасы мүшелері баспасөз мәслихатын өткізіп, істің барлық мән-жайын толық айтатын болады», - деп қосты Боқаев.
Қазір оқып жатыр
Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды
30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді
«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады
Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады