USD
USD
USD

Оқ бойы озып тұрмыз

Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция Еуразиялық экономикалық одақтағы ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.

Оқ бойы озып тұрмыз
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандағы тұтыну бағасы былтырғы бағамен салыстырғанда 6,4%-пайызға өскен. Бұл – одақтағы ең үлкен өсім.

Ресейде инфляция – 2,5%, Беларусьте – 4,9%, Қырғызстанда – 5,9% болған. Ал Арменияда бұл көрсеткіш 0,1%-ға төмендепті.

Қазақстанда азық-түлік тауарлары 9,3%-ға өскен. Бұл жағынан алғанда, бізден тек қырғыздар басып озыпты – 9,8%.  Ресейде – 2,2%-ға, Беларусьте 3,6%-ға ғана өскен. Ал Арменияда керісінше 1,6%-ға арзандаған.  

Осылайша, бағаның өсуі бойынша Қазақстан бірнеше айдан бері одақ ішінде көш бастап тұр. Болжам бойынша, мұндай үрдіс екі жылға дейін созылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік