USD
USD
USD

«Oil Construction Company» ЖШС Бас директорының орынбасары ұсталды

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектор саласындағы жемқорлықты анықтады. 

«Oil Construction Company» ЖШС Бас директорының орынбасары ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша «Oil Construction Company» ЖШС Бас директорының орынбасары бизнес өкілдерінен бірнеше рет пара алу фактісі бойынша әшкереленді.

Ол Маңғыстау облысының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған «Кендірлі» демалыс аймағы», «Тоқымақ» жерінде теңіз суын тұщыту зауытын салу» инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде ақшалай қаражатты кедергісіз аудару үшін пара алған.  

Күдікті соттың санкциясымен қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаров туралы естелік кітап жарық көрді

Ержан Бабақұмаров

Алматыда ауруханалардың қарызы үш есеге жуық өскен

Ақмарал Әлназарова

Жаңаөзенде төрт тонна мұнай өнімі тәркіленді

Жаңаөзендегі заңсыз мұнай өнімі

Қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

qr-төлем жүйесі