USD
USD
USD

Ойқы-шойқы жол үшін 200-ге жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды

Жамбыл облысында жол сапасы нашар болғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ойқы-шойқы жол үшін 200-ге жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Тараз, NEGE.   "Жол-көлік оқиғалары көбіне жүргізушілердің кінәсінен болғанымен, апат деңгейін төмендету үшін жолдардың сапасын жақсарту қажет.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың 12 айында облыстың автомобиль жолдарына 1711 тексеру жұмыстарын жүргізді. Облыстағы жолдардың нашар болғаны үшін 195 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды", - деді ведомство басшысы.

Сүлейменовтің айтуынша, қабылданған шаралар нәтижесінде облыстың автожолдарында 8 мыңнан аса жол белгілері орнатылып, әртүрлі техникалық бұзушылық жойылған. Осы жылдың 3 айында жүргізілген 493 зерттеудің қорытындысы бойынша 46 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті