USD
USD
USD

Ойыншық машинамен жолға шыққан алматылық жауапқа тартылуы мүмкін

Алматыда ойыншық машинаға отырып алып, көше қыдырған қала тұрғыны жауапкершілікке тартылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ойыншық машинамен жолға шыққан алматылық жауапқа тартылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол баласының да өміріне қауіп төндірген. Оған қоса, жол ережесіне кедергі келтіріпті. Бұл оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желіде тараған еді. Көпшілік оның бұл қылығына наразы болды. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ойыншық машина мінген азаматқа қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қарастырылып жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Қазіргі таңда аталған дерек бойынша жергілікті полиция департаменті тексеру жұмыстарын жүргізу үстінде. Құқық бұзушының аты-жөні анықталып, бұл оқиғаның Әуезов ауданында өрбігені анық болды. Бұл азамат ұсталып, жауапкершілікке тартылатын болады. Жалпы осы іс-әрекеттерімен баланың және өзінің денсаулығына, сондай-ақ жол жүру процесіне қатысушылардың өміріне айтарлықтай қауіп төндірді.

Қазір оқып жатыр

Игорь Лепеха ішкі істер вице-министрі қызметінен кетті

Игорь Лепеха

Жолдау: инфрақұрылымдық жаңғыру және Қазақстанның транзиттік әлеуеті

Айсұлу Қоспанова

Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» компаниясын басқаратын болды

Ерсайын Нағаспаев

Қазақстандықтардың жеке деректері тарағаны рас па? Мәдиев жауап берді

Киберқылмыс