USD
USD
USD

UEFA: ойын күнтізбесі жарияланды

UEFA ресми сайты Ұлттар лигасы 2020/21 жылғы кезеңінің ойын күнтізбесін жариялады.

UEFA: ойын күнтізбесі жарияланды
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан С лигасының төртінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Албания, Беларусь және Литва құрамалары. Ойындар 2020 жылдың қыркүйек және қараша айларының аралығында өткізіледі. Қазақстандық футболшылар алғашқы және соңғы кездесулерін де сырт алаңда ойнайды. Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте сыртта Литвамен кездессе, 7 қыркүйекте өз алаңында Беларусьті қабылдайды. Ал 11 қазанда өз алаңында Албаниямен шеберлік байқасса, 15 қазанда Беларусь еліне аттанады. Сондай-ақ, 15 қарашада сыртта Албаниямен кездессе, 18 қарашада өз алаңында Литвамен шебердік байқасады. Ұлттар лигасы ойындары биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. 2018/2019 жылғы кезеңде қазақстандық футболшылар Д лигасының бірінші тобында Грузия, Латвия және Андоррамен ойнады. Грузияны алға шығарып, аталған топта екінші орынды місе тұтты.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы