USD
USD
USD

Ойын күмән туғызды

Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Қызыл-Жар СК М» – «SD Family» кездесуінің нәтижесін тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын күмән туғызды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ақпаратына сәйкес, Екінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің 5-тур ойыны күмән туғызған. «Үшінші топтың «Қызыл-Жар СК М» – «SD Family» кездесуі Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы тарапынан қосымша тексеріледі. Қазір аталған кездесудегі букмекерлік кеңселердің котировкалары, соның ішінде Live режиміндегі коэффиценттер және ойынның бейнежазбасы зерттелуде. Сонымен қатар ойынның ресми өкілдерін сұрастыру жұмыстары қолға алынды» делінген футбол лигасының ресми сайтындағы ақпаратта. Арнайы мамандардың тексеріс қорытындысы ресми сайтта қосымша хабарланады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.