USD
USD
USD

Ойын кезінде дәрет сындырған қақпашы алаңнан қуылды

Англия кубогінің матчі кезінде алаңда дәрет сындырған қақпашыны төреші ойыннан қуып жіберді, деп жазады Vecti.kz.

Ойын кезінде дәрет сындырған қақпашы алаңнан қуылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алаңнан қуылған қақпашының аты Коннор Масеко. Ол "Блэкфилд энд Лэнгли" деп аталатын әуесқой клубтың намысын қорғайды. Англия кубогі іріктеу кезеңеінде "Шептон Мэллетке" (0:0) қарсы матчтың 76-минутында Конор допты ойынға қосып, дәрет сындырып алуды жөн көрген. Қарсылас команданың футболшылары бұл жағдайды төрешіге хабарлаған. 

"Ол дәретханаға барғысы келді. Сол үшін алаңның жиегі барып, дәрет сындырды. Ал қарсыластың ойыншылары "Не істеп жатыр", - деп айқайлады. Төреші Конордың қасына келіп, қақпашыны қуып жіберді. Негізі ол өзін барынша жауып тұрған болатын. Қысылған кезде мұндай жағдайлар болып тұрады. Мен төреші қызыл қағаз көрсетеді деп күтпедім. Мұндай шешімге таңғалдық", - деді "Блэкфилд энд Лэнгли" командасының бас бапкері Конор Маккарти. 

Енді командалар 6 қыркүйек күні қайта кездеседі. 

Қазір оқып жатыр

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар