USD
USD
USD

Ойыл өзеніне батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Атырау облысында Ойыл өзеніне батып кеткен жігіттің мәйіті судан шығарылды. 

Ойыл өзеніне батып кеткен жігіттің мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Бұдан бұрын Атырау облысында 26 жастағы жігіт суға кеткенін жазған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт 21 сәуірде сағат 15:30-да Ойыл өзенін атпен кесіп өтпек болған. Өкінішке қарай, қарсы беттегі жағалауға жете алмай, суға батып кеткен.

Ойылға батқан жігітті іздеу кеше, 22 сәуірде сағат 10:45-те басталды. Іздестіру жұмыстары бүгін, 23 сәуірде сағат 08:00-де қайта жалғасты.

«Қызылқоға ауданының 1996 жылы туған тұрғыны Ойыл өзенінен атпен өту кезінде суға батып кеткен. Оны іздестіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері тартылды. Жергілікті 5 тұрғын іздестіру жұмысына көмекке келді. Ойыл өзеніне батып кеткен 26 жастағы жігіттің мәйіті бүгін, 23 сәуірде сағат 09:30-да судан шығарылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер