USD
USD
USD

Ойық өзенінің жағасынан жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Ойық өзенінің жағасынан жоғалған жігіттің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ойық өзенінің жағасынан жоғалған жігіттің мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Ақтөбе облысы Темір ауданында 13 маусым күні полиция бөлімдерінің біріне баласының жоғалғаны туралы анасы арызданды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жәбірленуші мен досының арасында жанжал туындағанын анықтады.

Жанжал кезінде 29 жастағы күдікті 25 жастағы досын монтировкамен ұрып, автокөлігіне тиеп, Ойық өзенінің жағасына апарып тастаған. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция