USD
USD
USD

Өгей шешесіне қол көтерген жетісулық тұрғын жауапқа тартылады

Үштөбенің 48 жастағы тұрғыны өзінің өгей анасын ұрды деген күдікке ілініп, қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өгей шешесіне қол көтерген жетісулық тұрғын жауапқа тартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 66 жастағы қарт әйелдің денсаулығына зиян келтіргені медициналық сараптамалар бойынша расталды. Күдікті азаматқа ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық салада 1000-ға жуық құқық бұзушылық тіркелген.

1 шілдеден бастап заңнамаға енгізілген өзгертулерді ескере отырып, полиция қызметкерлері отбасылық жанжал бойынша деректерді анықтай отырып, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтті.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты