USD
USD
USD

Офицер, журналист, азамат еді...

«Время» газетінің бас редакторы, , публицист, қоғам қайраткері Лев Тараков 58 жасында өмірден өтті.

Журналист
Фото: Фото: ғаламтордан

Л.Тараков – Киев жоғарғы әскери-теңіз саяси училищесінің түлегі. Еңбек жолын да Солтүстік флотта бастаған, әскери шені – капитан-лейтенант. Офицер деуіміздің мәні осыда еді.

Қазақстан тәуелсіздігін алған алғашқы жылдардан бастап өмірден өткенге дейін Лев Юрьевич Қазақстанның журналистика саласында жемісті еңбек етті. Өйткені әкесі Юрий Тараков та журналист еді.

Л.Тараков 1992-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде қызметкер, 1994-1997 жылдары Президент әкімшілігінде сарапшы, 1997 жылы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, 1997-1998 жылдары Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, 1998-2002 жылдары Президенттің баспасөз хатшысы, ал 2002-2004 жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде жауапты қызмет атқарды.

2004 жылдан бастап журналистикаға шындап ден қойған Л.Тараков әр жылдары «Известия-Қазақстан», «Литер» газеттерінде газетінде бас редактор болды. 2012 жылдан бастап «Время» газетінің бас редакторы лауазымын атқарды.

«Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарық жұлдыз сөнді. Онымен ұзақ жылдар бойы таныс болып, кәсіби тұрғыда тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегеніме, жылы тілдесіп, жақын араласқаныма қуаныштымын. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған азаматтың аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады деп сенемін», – деп жазды Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева.

NEGE порталының редакциясы талантты публицист, медиаменеджер Лев Юрьевич Тараковтың отбасына, жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян