USD
USD
USD

ОБСЕ өкілдері тәуелсіз кандидаттармен кездеседі

Демократиялық

ОБСЕ өкілдері тәуелсіз кандидаттармен кездеседі
Фото: NEGE.kz

институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (БДИЧП ОБСЕ) 19 наурызда Қазақстанда өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі миссиясын ашты. ОБСЕ-ден 332 бақылаушы келмек.

18 наурызда өзін-өзі ұсынған кандидаттар ОБСЕ миссиясы өкілдерімен кездеседі. Олардың арасында Алматыдағы №5 округтен сайлауға түсіп жатқан Айбек БАРЫСОВ бар. Кездесу барысында ол миссия өкілдерін Алматыдағы ірі тұрғын үй кешендері бар сайлау учаскелеріне шақырмақ.

«Бұған дейінгі сайлаулардан жинаған тәжірибеміз бойынша, түрлі заң бұзушылықтар мен дауыс ұрлау аз болмайды. Мұндай нәрсені болдырмау үшін біздің сайлауалды штабымыз учаскелерге 500-ден астам бақылаушы тартты. Олардың барлығы да электоралдық процесті жақсы біледі.

Сондай-ақ біз қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарға ұсыныс айтып, бақылаушы ретінде штабқа көмек қолын созуды сұрадық.

Миссия өкілдерінің тәуелсіз кандидаттармен кездесуге ниет білдіргені қуантты. Бұл ұйымның әлемнің әр түкпіріндегі сайлауларды бақылауда тәжірибесі орасан. Өз тарапымнан айтарым, тәуелсіз кандидат ретінде азаматтардың өз құқығын еркін пайдалануына барлық мүмкіндікті жасаймын», – деді А.Барысов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе