USD
USD
USD

Нью-Йоркте белгілі суретші-дизайнер Ая Шалқардың көрмесі ашылды

Нью-Йорктегі Sapar Contemporary галереясында «Beneath the Earth and Above the Clouds» атты көрме ашылды. Бұл көрмеде қазақстандық жас талант Ая Шалқар мен қырғыз елінің танымал суретшісі Алтынай Осмоның бірегей туындылары қойылған, деп жазды kazinform.

Ш
Фото: instagram.com/aya_shalkar

Алматы, NEGE. Ая Шалқар бұған дейін Австрия астанасы Венада және АҚШ-та екі рет жеке көрмесін өткізген.

Ал көршілес екі ел суретшілерінің бірлескен көрмесі Нью-Йоркте алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

- Алтынай екеуіміздің шығармашылығымызда ұқсастық бар, идеяларымыз тоғысады. Екеуіміздің де туындыларымыз Орта Азияның тарихына, мәдени мұрасына, жауынгер әйелдер тақырыбына негізделген, - дейді Ая Шалқар.

Өзіндік қолтаңбасы мен тың идеяларымен ерекшеленетін қос суретшінің арт-туындылары мүсін өнері, фотомонтаж, дәстүрлі қолөнер және «мифтік археология» элементтерін шебер біріктіреді.

Қазақстандық суретшінің бұл көрмеге ұсынған MERGEN жобасы — әйел-кентаврдың жерлеу орны ретінде ұсынылған мифтік, болжамды археологиялық инсталляция. Туынды Тарбағатай етегінен табылып, біздің заманымыздың VI ғасырына тиесілі-мыс деген идеяға негізделген.

 Көрме 3 сәуірден 15 мамырға дейін ашық.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC

Қазақстан «Теңізшевройлмен» келісімді ұзарту үшін $10 млрд талап етті

Теңізшевройл

Астанада әйелдің қазасынан кейін төрт бұрынғы полиция қызметкері ұсталды

ұрлық