USD
USD
USD

Нью-Йорк соты Ілияс Храпуновты кінәлі деп тапты

2025 жылдың 6 тамызында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Оңтүстік округтік соты Алматы қаласы мен «БТА Банк» АҚ-ның талаптарын қанағаттандырды. Сот Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы әрі Мұхтар Әблязовтың күйеу баласы Ильяс Храпуновты сот шешімін орындамағаны үшін кінәлі деп тапты.

Сот
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Федералды судья Джон Г. Кёлтлдың шешімі бойынша, Храпунов бұл іс аясында өзіне жүктелген мүлкі мен активтері туралы тұрақты түрде есеп беру міндетін орындамаған. Бұған дейін сот оны 221 285 доллар төлеуге міндеттеген, бірақ Храпунов бұл талапты да елемеген.

Жаңа сот қаулысы бойынша Храпунов өзіне тиесілі мүлік туралы және сот шешімдерін орындау үшін жасаған әрекеттері жайлы толық мәлімет беруге міндетті. Егер бұл талаптарды орындамаса, оған жаңа айыппұлдар салынуы мүмкін.

Сонымен қатар, ол сотты құрметтемеуіне байланысты Алматы қаласы мен «БТА Банкінің» шығындарын өтеуі тиіс.

Қазір оқып жатыр

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

Жолаушылар пойызы

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

грин-карта

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Тоқаев, Путин

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді

Дизель отыны