USD
USD
USD

Нью-Йорк подиумындағы тосын сәт: шапан киіп шыққан қазақстандық жұрт назарын аударды

Нью-Йорктегі сән көрсетілімінде көрермендер қатарында отырған қазақстандық блогер күтпеген жерден подиумға ұлттық нақыштағы шапан киіп шығып, жұрттың назарын аударды.

Сән көрсетіліменде сахнаға шыққан блогер
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/qazaq_in_america

Астана, NEGE. Оның айтуынша, көрсетілім барысында қазақстандық дизайнерлердің топтамалары ұсынылғанымен, олардың арасында ерлерге арналған ұлттық образдар болмаған. Осы жағдай оның тосыннан подиумға шығуына түрткі болған.

«Мен әдемі топтамаларды, оның ішінде біздің дизайнерлердің жұмыстарын көрдім. Бірақ негізінен әйелдер образдары болды. Қазақстанның ерлерге арналған ұлттық образы болмады. Мен залда отырып, бұған жай қарап отыра алмайтынымды түсіндім. Мен модель де, қатысушы да емеспін, жай ғана қонақ болдым. Бірақ бұл – менің елім, мәдениетім, мақтанышым. Сол кезде шапанымды киіп, подиумға шықтым. Бұл хайп үшін немесе сахнаға шығу үшін істелген жоқ», – деп түсіндірді блогер сән көрсетілімі кезіндегі әрекетін.

Ол осылайша ерлердің ұлттық образы да қазақ болмысының бір бөлігі екенін көрсеткісі келген.

Айта кетейік, Нью-Йоркте өткен Unique Fashion Show халықаралық жобасы аясында қазақстандық үш дизайнер – Раушан Әнуарбекова, Сабина Вольская және Тимур Тұрсынқұловтың топтамалары таныстырылған.

Ал Өскемен қаласының тумасы Жасұлан бірнеше жылдан бері АҚШ-тағы өмірін Instagram парақшасында көрсетіп келеді.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала