4 Тамыз 16:29
...

Нұсқаулықты орындаймыз: Маймыл шешегіне қарсы адамдарға жаппай вакцина салына ма?

Фото:

Маймыл шешегі - денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп танылды. Мәселен, маймыл шешегіне байланысты Еуроодақтың кейбір елдері осал топтарға вакцина сала бастады.

Австралия, Бельгия, Германия, Франция елдерінде жұқтыру көрсеткіші артып отыр. Маймыл шешегіне байланысты АҚШ кейбір штаттарында төтенше жағдай жарияланды. 

АҚШ-та, Еуропада маймыл шешегіне қарсы екпеге тұрғындар арасында да сұраныс жоғары. Мәселен, Сан-Францисконың тұрғындары вакциналау орталығының алдында ұзын-сонар кезекте тұр. 

Қазақстандағы ахуал қандай? Елімізде алдын алу шаралары қалай жүргізіліп жатыр? Маймыл шешегіне қарсы вакцинаны елімізге алып келу жоспарланып отыр ма? Егер алып келсе, халық жаппай екпе алуға міндеттеле ме?

Nege.kz порталының тілшісі жолдаған осы сауалдарға ҚР Денсаулық сақатау министрі Ажар Ғиният жауап берді.   

     

«Маймыл шешегіне қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұымынан көптеген ақапарат келіп жатыр. Соның ішінде бүгінгі күні 89 елде 25 мыңнан астам жағдай тіркелген екен. Ол ауру осы елдерде жеңіл түрде өтіп жатыр. Мысалы, бүгінгі ақпаратты қарасам, 7 елде 8 жағдай болған екен. Сондықтан біз қазіргі таңда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан келіп жатқан әрбір ақпаратты мұқият қарап, сол бойынша жұмыс істеп отырмыз», - деді Ажар Ғинаят. 

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда алдын ала вакцина алудың қажеті жоқ. 

«ДДСҰ қазір әдейі вакцинация жүргізудің қажет емес екендігін айтады. Егер бізге қандай да бір нұсқаулық келіп түссе, сол нұсқаулықты орындауға тырысамыз. Ал өзіміз бұл ауруға жан-жақты мониторинг жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар маймыл шешегіне ұқсас ауру болса, оның диагнозын табу үшін диагностикумдар алып қойып қойдық. Қызметкерлерімізді арнайы оқытып, дайындап және осы ауруды емдеуде дәрігерлер үшін нұсқау болатын хаттамасын әзірлеп жатырмыз. Біздің мамандарымыз Денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен бірге жұмыс істеп жатыр», - деді министр. 

Тегтер: