Нұржан Нұржігітов: Әр отбасының әлеуметтік ахуалы назарда болуы керек

Жамбыл облысындағы әр отбасының әлеуметтік ахуалы, ана мен баланың жағдайы назарда болуы керек. Өйткені өңірдің дамуы тұрғындардың әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты. Бұл туралы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов өңірлік басқосуда айтты.
Жамбыл облысы, NEGE. Облыс әкімі осы мәселені жіті бақылауды тапсырды.
- Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектер нақ қажет ететін адамдарға жетуі тиіс. Бұл тұрғыда бақылау, үйлестіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асқаны маңызды. Әр отбасының әлеуметтік ахуалы назарда болуы керек. Отбасылық цифрлық карта бойынша жұмыстарға немқұрайлы қарамаңыздар, - деді Нұржан Нұржігітов.
Әлеуметтік ахуалдың нашарлауынан көптеген отбасы ажырасып, шаңырағы шайқалып жатыр. Жұмыссыздық мәселесінің артуы да отбасы құндылығының жоғалуына апарып соғуда. Әр бала толыққанды отбасыда өсіп, құқығы қорғалуы үшін ең алдымен тұрмыстық деңгейі түзелуі керек.
- Сол себепті облыстағы 8 367 отбасындағы 43 807 адамға 2,5 миллиард теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Сол секілді, қаңтар-тамыз айларына кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12 195 бала қамтылған, - деп атап өтті басқарма басшысы.