Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Нұржан Әлтаев «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылды

Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылып, депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

Нұржан Әлтаев «Nur Otan» партиясы қатарынан шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Б. Әлтаевтың өкілеттігін тоқтату туралы құжатты қабылдады.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұржан Бауыржанұлы Әлтаевтың өкілеттігі оның «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылғаны туралы «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 1 қаулысына байланысты тоқтатылсын», - делінген құжатта.

«Nur Otan» партиялық бақылау комитетінің отырысы өтті. Онда партия мүшесі Нұржан Әлтаевтың Партия Жарғысы мен партия мүшесінің Этика кодексін сақтауы мәселесі қаралды», - деп жазды Мәжіліс депутаты Павел Казанцев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда, отырыс қортындысы бойынша «Nur Otan» беделін түсіретін әрі оның мүддесіне нұқсан келтіретін іс-қимылдар жасағаны үшін Н. Әлтаевты партия қатарынан шығаруды «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросына ұсыну шешімі бірауыздан қабылданды.

Бұл тұрғыда оның бірқатар мәлімдемелері мен жаңа саяси партияны құру ниеті талқыланды. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Саяси кеңесі Бюросы аталған ұсынысты қолдап, оны тиісті отырыстақарастырып, Н. Әлтаевты партия қатарынан шығарды.

Қазір оқып жатыр

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы